+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елордада «Тұрмыс» алдын алу шарасы барысында 1500-ден астам адам жауапқа тартылды

2021 жылғы 17 маусым 15:52
Бөлісіңіз:
Елордада «Тұрмыс» алдын алу шарасы барысында 1500-ден астам адам жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 маусымнан бері елордада отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы жедел алдын алу шарасы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада АҚШ азаматы мас күйде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылды Реанимацияда орын жоқ: елордалық дәрігерлер ковид стационарларындағы жағдайды көрсетті Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Министрліктер үйіне кіруге тырысты: 6 бұзақыға айыппұл салынды

Жедел алдын алдын алу шарасы басталғалы бері полицейлер тұрғылықты жері бойынша полиция есепбінде тұрған 2600-ден астам азаматты тексерді. Оның ішінде 1 мыңнан астамы отбасында ұдайы жанжал шығаратындар. Үнемі жанжалдар болып тұратын отбасылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, әйелдерге олардың құқықтары түсіндіріліп, заңгерлік кеңестер мен психологиялық көмек көрсетіледі.

Мысалы, «Сарыарқа» ауданының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлары жұбайы отбасында үнемі жанжал шығаратын отбасылық жұппен кездесті. Полицейлер 36 жастағы ер адамға қатысты тоғыз рет қорғау нұсқамасын шығарған, ол «спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлға» ретінде есепке алынған. Сот шешімі бойынша жанжалқойға қатысты ескерту жасалды және бір жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылды. Отағасымен профилактикалық әңгіме өткізілді, әйелге құқықтық көмек және заңгерлік кеңес көрсетілді.

«Тұрмыс» жедел алдын алу шарасын жүргізу кезінде барлығы 1500-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 155 азамат отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әрекеттері үшін жазаланған. Оның ішінде сот шешімімен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 48 адам және соққыға жыққаны үшін 27 адам жауапқа тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT