+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Елордада «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды

2021 жылғы 5 маусым 16:57
Бөлісіңіз:
Елордада «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Қазақстандағы Елшілігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңдай шетелдік жауапқа тартылды Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды Астаналықты пышақпен қорқытып ұялы телефонын алған күдікті ұсталды

«Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, ел ордасы Нұр-Сұлтанның ең беделді саябағы саналатын Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясының» ашылуы өтті. Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президенті резиденциясы - Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға екі бауырлас елдің әр жылын бейнелейтін 30 тал отырғызылды. Түркия Елшісі Уфук Экиджи мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен өткен ашылу салтанатына Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығы өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аллеяның ашылуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Елшіліктің мәлімдеуінше, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел Түркия болды. Екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT