Елордада «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 8 қаңтар күні Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық онлайн-конференция өткізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бірқатар бауырлас елдер тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алқалы басқосуға Түркі кеңесі, ТүркПА халықарлық ұйымдарының басшылары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, танымал түркітанушы ғалымдар, түркі елдерінің Ұлттық ғылым академияларының жетекшілері мен дипломатиялық миссия басшылары қатысады деп күтілуде»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты тарихи-географиялық Атластың салтанатты тұсаукесер рәсімі жасалады.


Соңғы жаңалықтар