Елордада туризм қайтсе дамиды: Көлгінов әкімдік кеңесін өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда сайтына сілтеме жасап.

А. Көлгінов осы саладағы жұмысты жандандыру, ірі іс-шаралар мен фестивальдер өткізуді жоспарлау қажеттігін атап өтті.

Президент «Ұлытау - 2019» Халықаралық туристік форумында елімізге жылына 9 миллион турист келетін мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Туризм университетінде білікті мамандарды дайындау қажеттігін атап өтті. Біз қазір Туризм университетін ашу мәселесін қарастырудамыз. Сонда біз ішкі нарықты кәсіби кадрлармен қамтамасыз ете аламыз«, - деді ол.

Қала әкімі Нұр-Сұлтан Еуразияның астанасы ретінде орналасуы тиіс екенін айтты. Бұл ретте, туристер көп болған сайын, іс-шаралар көп өтуі тиіс. Туризм маусымдық емес, жыл бойғы болуы керек.

Жыл сайын елордаға 1 миллион 300 мың адам келеді. Нұр-Сұлтан қаласы –Конгрестер мен конференциялардың халықаралық қауымдастығының (ICCA) мүшесі. Қауымдастық оның мүшелеріне ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және ірі іс-шараларды өткізуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ елорда іскерлік (MICE) туризмді өткізу үшін табысты алаң деп танылды.

Кеңес барысында атап өтілгендей, елордада халықаралық авиарейстердің санын арттыру, ірі халықаралық фестивальдер мен жарыстар өткізуді жоспарлау, қаланы туристер үшін тартымды және жайлы ету қажет.

Соңғы жаңалықтар