Елордада туристік ықшамаудан пайда болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен «Ellington Properties Development LLC» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Джозеф Томас елордадағы көпфункционалды туристік ауданның құрылысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті, компания АХҚО-да тіркелген.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өткен еді. Аумақта демалыс орталықтарын, жылдың кез келген маусымында жұмыс істейтін ойын – сауық орталықтарын, туризм нысандары мен қонақ үйлерді орналастыру жоспарлануда. Демек, қалада туристік орам пайда болады. Тартылатын инвестиция көлемі 1 млрд доллардан асады. Іске асыру мерзімі- 5-6 жыл. Компания нарықта 5 жыл жұмыс істейді және Дубай қаласында (БАӘ) жылжымайтын мүлік саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар.

Соңғы жаңалықтар