Елордада тұрғын үйлердегі өрт сөндіру құралдарын ұрлаған күдікті іздестірілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күдікті тұрғын үйлерде орналасқан өрт сөндіру құралдарын ұрламақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қазанда «Crocus City» тұрғын үй кешенінде белгісіз ер адам 23 өрт сөндіру құралын ұрламақ болған. Тұрғын үй күзетшісі дер кезінде шара қабылдап, қаскүнемді ұстауға тырысты. Дегенмен қылмыскер ұрлаған затын тастап, оқиға орнынан қашып кетті», - делінген «BI Clients» компаниясы таратқан ақпаратта.

Компанияның хабарлауынша, аталған күдікті араға көп уақыт салмай 22 қазан күні «Light House» тұрғын үй кешенінде тағы да өрт сөндіру құралын ұрламақ болған.

Өз кезегінде қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша күдікті анықталды. Полиция қызметкерлері соталды тергеу жұмыстарын жүргізуде», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар