Елордада тұрғын үй қабырғасына Бауыржан Момышұлының алып портреті салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Тәшенов көшесі бойындағы 10-шы үйдің қабырғасына даңқты батыр Бауыржан Момышұлының алып портреті салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаев Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Бұл арт-жоба майдан алаңында миллионнан астам отандасымыз шайқасқан Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналып отыр. Бауыржан Момышұлына арналған муралдың авторлары - TigrohaudCrew командасының граффит-суретшілері Ержан Танаев пен Әли Зәкір. Олар бүкіл Қазақстан бойынша 15-тен астам ірі ауқымдағы жұмысты орындаған. Жоба жетекшісі - Кристина Бекмырзаева. Осы команда елордада коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге мурал салған болатын», - деді Ақмарал Олжабаева.

Үй қабырғасына бейнеленген Бауыржан Момышұлының жас кезіндегі суретін әйел адам қолына ұстап тұр. Бұл майданға аттанған сүйіктісін, ұлы мен жақынын тағатсыздана күткен ананы білдіреді. Муралды салуға суретшілер бір апта уақыттарын жұмсаған.


Соңғы жаңалықтар