Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген аталған ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққан анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.
- Елордада мас жүргізуші алты көлікті соғып барып тоқтады
- Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр
- Ақмола облысында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші көз жұмды
- Атырауда 8-сынып оқушысын ұрған жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
Мамандар ел жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін қалай арттыру керектігін талқылады
-
Алматыда білім беру орталығында бір жарым жасар қызды ұрып-соғу жөнінде іс қозғалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам