Елордада тұңғыш рет бодибилдингтен Орталық Азия чемпионаты өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чемпионат 23 мамыр күні сағат 11.00-де «Қазақстан» концерт залында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бодибилдингтен ҚР федерациясының президенті - Александр Колюка елордада өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, аталмыш спорт түрінің Қазақстанда дамуына жоғары баға беруге болады. Ол өз сөзінде IFBB ұлттық федерациясының еліміздің фитнес өнеркәсібіндегі рөліне тоқталып өтті.

«Қазіргі таңда фитнес және бодибилдинг қарқынды даму үстінде. Спорттың бұл түрі қарапайым адамдардың арасында да танымалдыққа ие болды. IFBB федерациясының басы міндеті бодибилдингтен жарыстарға қатысқысы келетін спортшыларды қолдап, спорт түрін әрі қарай дамыту. Осы тұрғыда Қазақстанда бодибилдингті дамыту мақсатында IFBB ұлттық федерациясы Ұлттық Олимпиада комитеті мен қатар Спортты дамыту дирекциясымен бірлесіп белсенді жұмыстар жүргізіп келеді», - деді ол.

IFBB Азия құрлықтық федерациясының президенті Очир Ганбаатар өз сөзінде ел спортшыларының әлемдік ареналардағы жетістіктеріне тоқталды.

«Біз Азияның 50 астам елінің ұлттық федерацияларымен жұмыс істейміз. Біздің басты мақсатымыз - бодибилдингті өңірлерде спорт түрі ретінде дамыту. Осы жылы Орталық Азия елдерінде дамытуды қолға алып, жеке Халықаралық турнирлерді өткізбекпіз. Осындай байрақты бәсекелер бодибилдинг спорт түрін дамытуға үлкен әсерін тигізіп, жаңа чемпиондарды көреміз деген ойдамыз», - деді Очир Ганбаатар.

Чемпионат 24-25 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» концерт залында өтеді. Классикалық бодибилдинг, бодибилдинг, мэнс-физик, вумэнс-физик, фитнес, ересектер мен жасөспірімдер арасында бодифитнес және фитнес-бикини бойынша жүлделер сарапқа салынады. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар Халықаралық дәрежедегі атақтармен марапатталып, оларға PRO краталар табысталады.

Соңғы жаңалықтар