Елордада түнгі уақытта көше кезген 25 жасөспірім ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының ювеналды полициясы қызметкерлері 26-28 қаңтар аралығында жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкоголь сусындары мен темекі бұйымдарын сату, балалардың қараусыз әрі бақылаусыз болуын, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде және көңіл көтеру орындарында жүру фактісін анықтау. Бұл іс-шараға тек полиция қызметкерлері ғана емес, денсаулық сақтау мен білім беру, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысады», - деді атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, іс-шараның алғашқы күнінде әкімшілік құқық бұзғаны үшін полицияға 29 жасөспірім жеткізілді. Олардың ішінде 4-еуі кішігірім бұзақылық жасаса, 14-і қоғамдық орында темекі шеккен. Аталған жасөспірімдердің барлығы және 7 ата-ана балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бере алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұнан бөлек, түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жерде жүрген 25 жасөспірім ұсталды. Олардың екеуі көңіл көтеру орнында болған. Жасөспірімдердің заңды өкілдеріне және көңіл көтеру орындарының басшылығына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Сонымен қатар ішкі істер бөлімдеріне 6 жасөспірім мен 7 қолайсыз отбасы есепке алынды. Олар полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауында болады.


Соңғы жаңалықтар