+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елордада түнгі клуб өртенді

2019 жылғы 10 қараша 02:04
Бөлісіңіз:
Елордада түнгі клуб өртенді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Good bar» түнгі сауық мекемесінде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жиһаз жасайтын цех ашып алған тұрғын үйден өрт шықты Қытайда орман өртін сөндіру кезінде 19 адам мерт болды Рудный полицейлері мүгедек әйелді өртеніп жатқан үйден алып шықты

«10 қарашада түнде сағат 00:20-де «101» қызметінің пультіне Бейімбет Майлин көшесіндегі «Good bar» түнгі клубында өрт шыққаны жөнінде қоңырау шалынған. Сол жерге 00.26-да алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімшесі ғимараттың екінші қабатында электр желісі жанып жатқанын анықтады», делінген хабарламада.

Құтқарушылар нысандағы адамдарды эвакуациялауға, жалынды сөндіруге кірісті. Нәтижесінде 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.

Оқыс оқиға кезінде түнгі сауық мекемесінен 8 адамды құтқарылды. Екі адамға жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсетті. Олардың ауруханаға баруының қажеттілігі болмады.

Полиция қызметкерлері ғимараттың қоршауға алды.

Өртті сөндіруге астаналық ТЖД-ның 17 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT