+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Елордада түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

2020 жылғы 27 қыркүйек 18:42
Бөлісіңіз:
Елордада түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада түнгі клубтың әкімшісі карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Түнгі сағат 1: 35-те әкімшілік учаскені айналып өту кезінде Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Алания» түнгі клубында карантиннің бұзылғанын анықтады. Полиция қызметкерлері түнгі клубқа кірген кезде қазіргі кездегі тыйымға қарамастан 30-ға жуық жас көңіл көтеріп жүрген.



Бұған дейін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісіне бірнеше рет ескерту жасалып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ ол мекеме қызметін жалғастыра берген. Аталған факт бойынша түнгі клуб әкімшісіне қатысты әкімшілік материал қозғалып, ол Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, кінәлі деп танылды және бір тәулікке қамауға алынды. Ережені қайталап бұзғаны үшін жиналған материал «Алматы» ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жауапкершілікке тарту үшін жіберілді.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарға ойын-сауық орындарында болу кезінде инфекция қаупі жоғары екенін ескертеді. Сонымен қатар, карантин шараларын бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT