+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Елордада түнде істеп тұрған дәмхананың клиенттерінің арасында бес жасөспірім болған

2020 жылғы 6 тамыз 19:08
Бөлісіңіз:
Елордада түнде істеп тұрған дәмхананың клиенттерінің арасында бес жасөспірім болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағында түнгі уақытта жасөспірім балалар жүрген дәмхана анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 10 облысында суицидтің алдын алу бойынша әдістемелер енгізілуде 1 қазаннан бастап Өзбекстан шекараны ашатын болды Түркістан облысында шаруаларға карантинде қолдау көрсету үшін 80 млрд теңге бөлінбек

«5 тамызда түнгі сағат 3-те Шевченко көшесінің бойындағы дәмханада бас санитарлық дәрігер қаулысының бұзылу фактісі тіркелді. Карантиндік шараларға қарамастан дәмхана жұмыс істеп тұрған. Оның ішінде 26 клиентке қызмет көрсетіліп жатқан, олардың арасында бес жасөспірім болғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің заңды өкілдері ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Дәмхана иесі де жауапқа тартылып, 10 АЕК көлемінде (27780 теңге) айыппұл төлейді. Бұған қоса, дәмхана иесіне қатысты материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері, эпидемиолог, еріктілер мен жергілікті атқару органдарының өкілдерінен құралған мобильді топ 11 рет карантин шарасының бұзылуын анықтады. Қалалық полиция департаменті азаматтарға карантин шараларын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT