+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елордада тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады

2021 жылғы 14 қыркүйек 18:03
Бөлісіңіз:
Елордада тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ертеңнен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау науқаны өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі Алтай Көлгінов елордадағы бизнестің жағдайы туралы айтты 12 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

«Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін республика бойынша азаматтардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау науқаны өтеді. Сонымен қатар, 15 қыркүйекте халықтың денсаулығын қорғауда аса маңызды іс-шара - тұмауға қарсы вакцинациялау басталады», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету үшін негіз болып саналады және келесі принциптер бойынша жүзеге асырылады:

1) аумақтық қол жетімділік;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымын еркін таңдау;

3) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету дәрігерін (жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;

4) отбасылық қызмет алу.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT