Елордада «True or False» медиасауаттылық чемпионаты өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қараша күні Қазақстанда алғаш рет «True or False» медиасауаттылық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат республикалық «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметі.

Іс-шара Жастар жылы аясында қазан-қараша айларында Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеген сыни ойлау мектебі жұмысының қорытындысы болып табылады. Мектеп шеңберінде 14 пен 29 жас аралығындағы 150-ден астам жастар оқудан өтті. Қатысушылар киберқауіпсіздік, медиасауаттылық, IT, журналистика саласындағы жетекші сарапшылардан дәріс тыңдады.

«Мен осы тренингтерде фактчекинг, fakenews немесе fake сияқты мәселелер туралы көп мағлұмат алдым. Мен бұрын оларды шатастыратын едім. Қазір мен fakenews-ді қалай анықтауға болатынын білемін. Оған қоса, мен басқа адамдармен танысып, жаңа достар таптым. Мен осы тренингтерге қатысқаныма қуаныштымын»,-деп сыни ойлау мектебінің қатысушы Асылханова Мария.

Тренингтерді Ассоль Ақышева, Жанар Төлендинова, Ержан Бағдатов, Әлібек Тәжібаев, Саясат Идеятұлы, Александр Полоротов, Насима Қорғанбекова, Бекарыстан Нұрланұлы сияқты өз ісінің мамандары өткізді.

«8 спикер мен ұйымдастырушылардың командасы өзіміздің қателіктерімізді көруге және көптеген нәрселерге басқаша қарауға мүмкіндік берді. Біздің мемлекетте осындай жобалар көп болғанын қалаймыз»,-дейді шараға қатысушы Нұрсұлу Туғанбекова.

Медиасауаттылық бойынша брейн-ринг форматында өткен чемпионатқа «Google», «Milky Way», «Медиаскоп», «Энтузиасты», «Пятый элемент», «Drive», «АнтиФейки», «Winners» командалары жоғары деңгейдегі дайындықпен келді.

Тартысқа толы чемпионатта олар фактчекинг, фейкньюс, насихаттау, ақпараттық гигиена және т. б. тақырыптар бойынша алған білімдерімен сайысқа түсті.

Бұл күні КАЗГЮУ университеті ерекше атмосфераға толы болды. Қатысушыларды қолдап келген көрермендер де ерекше белсенділік танытты.

Жүлден жүйрік болып 1-орынды «Winners» командасы, 2-орынды «Энтузиасты» командасы, 3-орынды «Пятый элемент» командасы иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай жүлделермен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар