Елордада «Тойота» мінген жүргізуші келіншек пен баланы қағып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтанда «Тойото» көлігінің жүргізушісі кішкентай баланы қағып өлтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға Абай даңғылының бойында орын алған. Бейсекбаев көшесі жақтан Брусиловский көшесіне қарай бет алған «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде тізгінге ие бола алмай, шамамен 3-4 жастағы баласы бар әйелді қағып, жер үйдің үйдің қоршауына соғылған. Апат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмса, әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

«Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген департаменттің дерегінде.



Соңғы жаңалықтар