Елордада той-томалақ өткізу тыйылмай тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың өршіп тұрғанына қарамастан елордада той-томалақ өткізетіндер тыйылмай тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта мониторинг топтары күнделікті рейд іс-шаралары жүргізіп, 100-ден астам кәсіпкерлік нысандарын қамтиды. Бұл ретте жеке тұлғалар тарапынан да, кәсіпкерлік субъектілер тарапынан да карантин іс-шараларын сақтамау фактілері анықталып жатыр. Яғни, тыйымдарға және коронвирс инфекциясы таралуының тәуекеліне қарамастан үйленутойы, туған күн, көңілді кештер сынды бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тыйылмай отыр. Нысандарда көп адам жиналады және әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық нормалар сақталмайды», - деді бас санитарлық дәрігер елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.
Оның дерегінше, осы жылдың 1 қаңтары мен 7 сәуірі аралығында полицияға шектеу іс-шараларының бұзылғаны туралы 423 материал түскен. Олар бойынша іс қаралып, 29 млн теңгеден астам сомаға 146 әкімшілік айыппұл салынған. 72 айыппұл қысқартылған тәртіппен 12 млн теңдеген астам мөлшерде төленген.
«Мониторинг топтардың жұмысы карантиндің шектеу іс-шараларының бұзылуын анықтау және жолын кесуге бағытталған», - деді Сархат Бейсенова.
- Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ
- Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді
- 15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- Қазақстанда вакцинаның қанша дозасы қалды
-
Қызылордада әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы вакцина салдырды
-
QazVac дайындығын кім тексереді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам