Елордада төтенше жағдай режимі қашан алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада төтенше жағдай режимі әлі де сақталуда. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі байбалам салудың қажеті жоқ. Төтенше жағдай режимі су тасқынын алдын алу, жедел шешім қабылдау үшін керек. Қазіргі жағдай бір қалыпты. Қарды күрегеннен кейін бәрі қалпына келеді», - деді Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінен кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Еске сала кетсек, 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында жел, боранның басталуына орай төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар