Елордада төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындамаған 15 кәсіпорын жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр Сұлтан қаласының кәсіпкерлерін төтенше жағдай мен карантин кезеңінде жұмыс алгоритміне сәйкес ережелерді сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Санитарлық қауіпсіздік органдары елордада төтенше жағдай кезінде қойылатын талаптарды сақтамаған 15 кәсіпорынды жауып тастады. Кәсіпорындардан бизнестің жұмыс бастауына рұқсат еткен билік пен мемлекет басшылығының сенімін ақтап, әлеуметтік жауапкершілік танытуды сұраймыз. Кәсіпкерлер алгоритмге сәйкес келіп, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеу тәртібін қатаң сақтауы керек. Біз дөңгелек жөндеу, көлік жуу және техникалық қызмет көрсету станциялары ашылғанын білеміз. Ондай жерлерде көлік дөңгелегін жөндеткісі келген, көлігін жуғызғысы келетін көп адам жиналады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда кәсіпкерлер тұтынушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

«Мейрамхана мен дәмхана жұмыстарына келетін болсақ, тағамды өзің барып алып кетуге болатыны туралы сыбыс тараған. Бұл жағдайда оған рұқсат етілмейді, тек мекенжай бойынша өздері жеткізіп берулері керек. Көп дүкен бойынша тұтынушылар мен мемлекеттік органдар тарапынан азық-түлік алу және кезекке тұру барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілмейтіні туралы шағым түсті. Одан кейін 2 метр арақашықтық сақтап, арнайы белгілер қоя бастады», - дейді ол.

Егер әлдебір адам коронавирус жұқтырып алса және кәсіпорындар мен бизнес нысанына барған болса - онда ол карантинге жабылады.

«Біз де өз тарапымыздан заңға бағынып, әлеуметтік жауапкершілік танытуымыз керек», - дейді Қуанышбек Мұқаш.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, карантин режимін жеңілдеткелі 3 000 кәсіпкер жұмысын бастады.


Соңғы жаңалықтар