+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Елордада тоғыз жыл салынған «Грант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

2020 жылғы 1 желтоқсан 02:11
Бөлісіңіз:
Елордада тоғыз жыл салынған «Грант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Грант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл үй 2011 жылы салына бастаған. Бүгінде мұнда барлық инженерлік желі үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет.

«Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендеріне барған кезде үлескерлердің құрылыс бітетініне сейбейтінін байқадық. Алайда құрылыс жұмысы қайта жанданған кезде тұрғындардың үміті ояна бастады. Үлескерлер құрылыс жұмысын талқылауға етене араласты.

Сондай құрылыстың біріне айналған «Грант» (Сарыарқа ауданы) тұрғын үй кешені былтыр жазда мен барған алғашқы үйдің бірі. Мәселе көп болды. Үйдің іргетасын қалап, қасбетімен айналысу қажет еді. Сонымен бірге терезе мен есік орнату, ішкі әрлеу жұмысына көшу керек болды. Үйдің құжатын дайындау, инженерлік желіге қосу мәселесі де тұрды. Бұл қолға алған көп шаруаның бір бөлігі ғана», - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Бұл үйді құрылыс салушы 2011 жылы сала бастады, ал 2015 бұл үй проблемалық деп танылған.

«ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында үйді пайдалануға бердік. Барлық инженерлік желі үйге тартылды, енді оларды қосу үшін тұрғындар келісімшартқа отыруы қажет. Бұл үйде 170 отбасы тұрады. Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің құрылысын аяқтау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Былтыр 10 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға берсек, быйыл 20 үйді аяқтап пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT