Елордада ТМД-дағы алғашқы Инновациялық-технологиялық хаб кеңсесі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында жаңа инновациялық орталық ашылды. Инновациялық-технологиялық хаб алаңы ТМД аумағында алғаш құрылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Seedspace Nur-Sultan» орталығы кәсіпкерлер, стартапшылар мен фрилансерлер өзара тәжірибе алмасып, жобаларды талқылайтын кеңістік құру мақсатында ашылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа алаң жаңа инновациялық идеялар мен шешімдердің қайнаған орталығына айналмақ. Бұдан бөлек, онда менторлардың, кеңесшілер мен техникалық мамандардың ауқымды желісі жұмыс жасайды.
null

«ТМД аумағында алғаш «Seedspace Nur-Sultan» атты халықаралық инновациялық алаң ашылып отыр. Бүгінде елорда еліміздің ең жас әрі мегополис қаласы болып табылады. Сонымен қатар, астанамыз халықаралық маңызды оқиғалар өтетін хаб алаңына айналып отыр. 20 жылдың ішінде елорда барлық бағытта жоғары жылдамдықпен даму үстінде. Әсіресе, астаналықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шаралар көптеп жүзеге асырылуда. Жол картасы бағдарламасы бойынша 183 млрд теңгенің 1142 кәсіпкерлік нысаны пайдалануға берілді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіп субъектілеріне 1 млрд теңге көлемінде микрокредит бөлінді. Соның нәтижесінде 9 мыңнан адам жұмыс орнын сақтап қалды және 5600 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаланың экономикасы тек көрсеткіштермен ғана емес, жыл санап тұрақты және инновациялық тұрғыдан да дамып келеді», - деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов.
null

Сонымен қатар, шаһар басшысы елордада «Ақылды қала», «Big Data», «Сергек», Smart Astana, «Ikomek», электронды ПИК жобаларының сәтті іске асырылып отырғанын айтып өтті.
null

100-ге жуық адамға арналған «Seedspace Nur-Sultan» 7 кабинеттен тұрады. Оның ішінде коворкинг кеңселері, конференция залы және демалыс бөлмесі бар.
null

Бас қаладағы «Hilton» қонақ үйінің жанынан ашылған орталық жыл бойы және 24 сағат бойы жұмыс істейді.
null

Айта кетейік, аталған жоба қала әкімдігі, «Astana Innovations», «Seedstars» және «BI Group» компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар