Елордада ТҚО-дағы өрттің салдарынан екі азамат зардап шекті

None
None
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Елордада жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған ТҚО-дан шыққан өрттің салдарынан екі азамат зардап шекті, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, тілсіз жау «Мерседес» көлігін, ТҚО-ның төбе жабындысын және қоршауын шарпып, 30 шаршы метрді қамтыған.

«Өрт орнынан 22 және 33 жастағы азаматтар термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді», деп нақтылай түседі баспасөз қызметі.

Қызыл жалын ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 9 маман мен 2 техниканың күшімен жарты сағаттың ішінде ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар