Елордада террористік тұрғыдан осал 7 ғимарат анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген.

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады.

Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексеріп жүр.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан полицейлері тұрақты негізде ТТО нысан басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеті бойынша жадынамалар табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар