Елордада терезеден құлап кеткен екі баланың біреуі көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полицейлер карантин режимінде кәмелет жасына толмаған балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордада төтенше жағдай енгізілгеннен бастап балалардың терезеден құлау фактісі екі рет тіркелген. Бір бала қаза тапты.

«19 наурыз сағат 13.30-да екі жасар бала үйдегі ас бөлмеде жүріп, терезенің жанына орындық қойған. Кейін ауа желдету үшін ашып қойған терезенің алдына шыққан. Салдарынан қараусыз қалған бала 4-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Баланы қарап жүрген әжесі сол сәтте ас бөлмеде үй шаруасымен айналысып жүрген. Бүлдіршін алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - деді елордалық полиция департаментінен.

Осындай оқиға 2 сәуір күні де болған.

«4 жасар бала пәтерде анасымен бірге жүріп, уақытша қараусыз қалған. Сол сәтте терезенің алдына шығып, 4-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Пәтерде оның қасында анасы болған», - деп хабарлады елордалық полицейлер.


Соңғы жаңалықтар