+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Елордада терезеден құлаған екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

2020 жылғы 26 мамыр 15:43
Бөлісіңіз:
Елордада терезеден құлаған екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елордада балалардың терезеден құлауының 9 фактісі тіркелді. Бұл туралы өрт қауіпсіздігі шаралары және балалардың терезеден құлау оқиғалары бойынша өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті 5 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

«2018 жылдан бері балалардың терезеден құлау жағдайы 51 рет тіркелген. Оның 31-інде құлағандар әртүрлі жарақат алса, 13-і қаза тапқан. Биыл терезеден құлаудың 9 жағдайы тіркелді. Кеше, оның арғы күні елорда аумағында Қосшығұлұлы мен Ақмешіт көшесінде осындай екі жағдай болды. Абырой болғанда балалар аман қалып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде емделіп жатыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқармаг бастығының міндетін атқарушы Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, көбінесе 2-7 жас аралығындағы балаларда терезеден құлап кету қаупі зор.

«Мұндай жағдайдың алдын алу үшін баланы ашық терезе алдында қараусыз қалдыруға болмайды. Сырттағы балалардың дауысы үйдегі баланы елітіп, терезе алдына баруына себепші болуы мүмкін. Сол себепті ашық терезе алдына орындық, диван, кресло сияқты жиһаздарды қоюға болмайды. Москитті тор баланың салмағын көтере алмайды, сондықтан терезеге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, құлып қою керек», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT