Елордада тексеруден өткен оқушылардың 4 пайызы диспансерлік есепке алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева қаладағы мектеп оқушыларын медициналық тексеруден өткізу нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды аспектінің бірі баланы тамақтандырудағы тиісті талаптарды орындауға қатысты. Мектептегі ас мәзірі балалардың патологиясын ескермейді», - деді А. Шағалтаева қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда 2021-2022 оқу жылындағы дәрігерлік тексеру нәтижесі дәлел бола алады.

Айгүл Шағалтаеваның сөзіне қарағанда, жалпы дәрігерлік тексерулер аясында, оның ішінде басқа да нозологиялар бойынша барлық тексерліген оқушылардың арасында диспансерлік есепке 4,4 пайызы алынды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Шағалтаева қаладағы мектептерге азық-түлік жеткізетіндерді тексеру нәтижесі туралы айтып берді.


Соңғы жаңалықтар