+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Елордада таяу күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған жеке жолақтар ашылады

2015 жылғы 24 шілде 18:15
Бөлісіңіз:
Елордада таяу күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған жеке жолақтар ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 26 шілдесінде Астана қаласында қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған «BUS LANE» жеке жолақтарының бірінші кезеңі іске қосылады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі күні Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы мен «Астана ЛРТ» ЖШС және «СМЭУ-Алматы, Астана» ЖШС мердігер компаниялары бірлесіп жолақтарды сызу және жол белгілерін қою жұмыстарымен айналысуда.

Жобаның бірінші кезеңі Абылай хан даңғылынан бастап Сарайшық көшесіне дейін Б. Момышұлы даңғылы бойымен және Ш. Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін Бөгембай даңғылы бойымен жасалады.

Астана қ. ІІД ӘПБ басшысының орынбасары Елжан Шөпековтің айтуынша, аталған жолақта автобустарды басып озуға немесе жолын кесуге болмайды. «Мұндай жолақтарды іске қосу жүргізушілердің тәртібін күшейтіп, көлік апаттарын азайтуға және жалпы қозғалыстың қауіпсіздігін арттыруға көмегін тигізеді», - дейді ол.

«Астана LRT» компаниясының көлік бойынша директоры Рустам Халилевтің айтуынша, аталған шара қоғамдық көліктердің тезірек қозғалуына және интервалын 30 пайызға дейін қысқартуға, автобустардың жүру кестесін қатаң сақтауға, қала кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, ҚР ІІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT