Елордада «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды.

Жоба аясында бүгін жастар аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Тәуелсіздігі құрдастарының атынан бірінші іс-шарамызды бастап жатырмыз. Бүгін 20-ға жуық отбасын азық-түлік пакетімен қамтамасыз еттік. Оның құрамында ұн, сұйық май, шай, макорон өнімдері, кәмпит-печенье сынды азық-түлік бар. Оларды өз қаражатымызға сатып алдық. Осы игі іс-шарамызды әр аптада жалғастыру ойымызда бар», - деді жоба қатысушысы, Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы Ержан Сансызбаев.

Сонымен қатар ол елордада тұрып жатқан Қазақстан Тәуелсіздігі құрдастары өздері қызмет ететін салаға байланысты аз қамтылған отбасылардың балаларына да көмек қолын созуды жоспарлап отырғандығын айтады.

«Өзім өнер саласында қызмет еткеннен кейін тұрмысы төмен, жағдайы жоқ отбасылардан шыққан жасөспірімдерді өнерге баулығым келеді. Жалпы біз спортқа, мәдениетке, өнерге икемі бар мұндай балалардың бәріне көмек қолын созуға тырысамыз. Сонымен қатар жалғазбасты қарттарға да көмектесу жоспарымызда бар», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар