Елордада Тәуелсіздік құрдастарын қабылдау шарасы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» жобасы аясында «Тәуелсіздік тірегім» атты Тәуелсіздік құрдастарын салтанатты қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері  басқармасы мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болған шараға 1991 жылы дүниеге келген, бүгінде әртүрлі салада жетістікке жеткен танымал жастар мен мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

«Сіздермен бүгін кездесіп отырғаныма қуаныштымын және осы сәтті пайдаланып баршаңызды алда келе жатқан мерекелермен құттықтаймын. Шынымен де 25 жыл дегеніміз біраз кезең. Адам өмірі ретінде алып қарайтын болсақ, дүниеге келгеннен бастап қалыптасу кезең десек те болады. 25 жылға дейін қалыптасқан адамның кейін өзгеруі де қиын. Мінезі, көзқарасы, жұртпен сыйластығы қалып қояды. Нашар адам болып жүріп, бір күннің ішінде өзгеріп кетеді дегенді естіген емеспін. Дәл солай керемет адам болып жүріп, 25 жылдан кейін бір мезетте нашар адам да болып кетпейді. Біздің елімізде де негізгі мемлекетке қажетті барлық шарттар қалыптасты», - деді Тәуелсіздік құрастарымен кездесу барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрғасының орынбасары Мұрат Әбенов.

Айта кетерлігі, шара аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Астана қалалық жастар саясаты басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ербол Рыспаев өзі басқаратын мекемеде елорда жастары арасындағы жұмыссыздықты жою, мәдени-спорттық шараларға тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар