Елордада Тәуелсіздік күніне орай бірқатар БАҚ басшылары мен қызметкерлері марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Хабар» агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ринат Думанұлы Кертаев «Құрмет» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғарғы мемлекеттік награданы иесіне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев салтанатты түрде табыс етті.

Телевизия саласында 20 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп жүрген белгілі журналист Ринат Думанұлы көрерменнің көңілінен шыққан көптеген ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның авторы. Сондай-ақ әр аптаның айшықты оқиғаларын баяндайтын «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде өткен шарада ақпарат саласының бірқатар қызметкері Үкімет басшысының және министрдің алғыс хаттарын алды.

«Мен өзім журналистика факультетінің бірінші курсына келіп түсіп, журналистикамен кәсіби түрде айналысып келе жатқаныма 20 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығындағы бірінші жоғары мемлекеттік наградам екен. Мен ойлаймын, бұл тек маған ғана емес, сол журналистика факультетінде тәрбиелеп біліп берген ұстаздарымның еңбегіне, «Хабар» агенттігінің барлық ұжымына берілген баға, үлкен сенім. Осындай еңбегімізді елеп, ескерген Мемлекет басшысына, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілеріне, ұжымына алғыс білдіргем келеді. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің ақпарат саласы үлкен дәрежеге көтеріліп, биік белестерді бағындырып жатыр. Тек елдің ішінде емес, халықаралық деңгейде де көптеген жетістіктерге жету үстінде. Бұның өзі осы ақпарат саласында саясаттың терең деңгейде жүргізіліп, ұлттық мүдде тұрғысынан заманға сай атқарылып жатқаны деп білеміз. Еліміздің ең ұлық мерекесі, ең басты мерекесі – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңыда осындай марапатқа ие болу мен үшін мақтаныш және жауапкершілік деп санаймын»,-деді «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.

Соңғы жаңалықтар