Елордада Тәшеновке, Қожановқа, Бигелдиновке, Алтынсаринға ескерткіш орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Тәшеновке, Қожановқа, Бигелдиновке, Алтынсаринға ескерткіш орнатылады.
Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде өткен кеңейтілген кеңесте Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының бастығы Нұрлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту үшін арнайы қалалық іс-шаралар жоспары бекітілген. Елордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланған. Сондай-ақ жас ғалымдардың қатысуымен Фараби оқулары, Фарабитанушылар кездесулері, кітап көрмелері, шығармашылық кештер ұйымдарылады. Елордадағы Оқушылар сарайына Әл-Фараби есімін беру мәселесі де шешіліп жатыр.
«Сонымен қатар осы жылы қаңтардың 10-нан бастап соңына дейін қаламызға Әл-Фараби ескерткішін орнатуға конкурс жарияланды. Бұйыртса, ескерткішті биыл орнатамыз деген ойымыз бар. Осы мүмкіндіктік пайдаланып айта кету керек, Әл-Фарабимен қатар бірқатар тұлғаға ескерткіш орнату жоспарда бар. Атап айтқанда, Жұмабек Тәшенов, Сұлтанбек Қожанов, Талғат Бигелдинов, Ыбырай Алтынсариннің ескерткішіне конкурс жарияланды. Ақпан айында конкурс қорытындысы шығады және ең үздік жұмыстар республикалық мемлекеттік комиссияға ұсынылады», - деді Нұрлан Сыдықов.
Басқарма басшысының айтуынша, мұнан бөлек, биыл елордада Абай орталығы салынады. Орталық салынатын орын анықталған. Нақты айтқанда Қазақстанның Ұлттық музейі жанынан бой көтереді.
«Мұнан бөлек, қаламызда 6 театр бар. Осы театрлардың барлығында Абайға, Әл-Фарабиге қатысты қойылымдар қойылады. Қазір біз Абайдың тек бір бейнесі сахналанатын қойылымды тамашалап жүрміз. Осы жылы мүмкіндік болса, сол Абайдың жас кезінен, Абайды басқа қырынан танытатын қойылымдар дайындап жатырмыз», - деді ол.
- Жаңа қаулы: Елордалық сауда орталықтары қалай жұмыс істейді
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
- Коронавируспен күрес: Елордада сынақ ҰБТ-ға дайындық басталды
- Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
-
ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам