Елордада «Тарихи оқиғалар тоғысында» атты көрме ашылды

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Солтүстік Қазақстан өңірінің мұражайлары ұйымдастырған «Тарихи оқиғалар тоғысында» атты көрме ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілеген Қаскин «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық көрме жобасы аясында ұсынылып отырған шараға қатысу солтүстікқазақстандықтарға зор мәртебе. Қызылжар өңірі тарихи, мәдени құдылықтарға бай өлке. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, Абылай ханның ақ үйі тарихи мұражайы сияқты орындар құнды жәдігерлерге толы», деді.

Сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры Алма Сағынғали бүгінгі көрмеге осы өңірдің бай тарихын көрсететін экспонаттар қойылғандығын атап өтті. Оның айтуынша,  М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сынды ұлы тұлғалар  дүниеге келген Солтүстік Қазақстан облысы бүгінгі күні экономика, мәдениет салаларында еліміздің жетекші аймақтарының біріне айналған.

Жалпы көрме үш бөлімнен тұрады. «Ежелгі мәдениеттің мәйегі» деп аталатын алғашқы бөлімде өлкенің Қазақ хандығы кезеңінен басталатын тарихын баяндаса, «Ұлттық тарих - ұлы ұғым» атты келесі бөлімде ежелгі дала мәдениетінің тарихи қайта жаңғырған артефактілерін ұсынған. Ал көрменің соңғы бөлімі бекініс ретінде салынып, кейін қалаға айналған Қызылжар қаласының дамуына арналған.

Соңғы жаңалықтар