+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті

2021 жылғы 19 маусым 17:37
Бөлісіңіз:
Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 300-ге жуық кәсіпкерлік нысан «ASHYQ» көшбасшысы атанды Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады Бүгін Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бастама «Талдыкөл көлін сақтау жөніндегі жастар бастамасы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар бұған дейін пандемия жағдайында сенбілік ұйымдастыру, үйде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін енгізу тақырыптарында онлайн тренингтер өткізді.

Эко-акция БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған экожүйені қалпына келтіру онжылдығын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар сенбілікке қажетті қоқыс салатын қаптар, күректер және қолғаптармен қамтамасыз етті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының барлық белсенді тұрғындары қатысты.

«Біз Талдыкөл көлінде арнайы акция жасадық. Қауымдастық ретінде біз көлдің бастапқы табиғи түрін сақтап қалу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің де бұл істе жәрдем беретініне үміттенеміз», - деді іс-шара барысында Қазақстанның Экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрайымы Айгүл Соловьева.

Айта кетерлігі, іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Еуразия қоры өкілінің қолдауымен «Салтанат Рақымбекова атындағы қоры» Қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT