Елордада таксист мас жолаушының 550 мың теңгелік алтын сағатын ұрлаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада такси жүргізушісі мас жолаушының 550 мың теңгелік алтын сағатын ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, үйіне қонақтан мас күйде оралған елорда тұрғыны қолындағы 550 мың теңгелік «Яшма» маркалы алтын сағаты жоқ екенін байқаған.

«Қонақтан түнделетіп шыққан ол «Toyota Camry» көлігін тоқтатып, такси ретінде пайдаланғаны белгілі болды. Артқы орындықта отырған жолаушы көп өтпей ұйықтап кеткен. Діттеген мекенжайға жеткенде көлік тізгіншісі жолаушыны ояту кезде, қолындағы алтын сағатын шешіп алған. Сағатын үйге келгеннен кейін ғана жоқтаған ер адам бірден полицияға жүгінді», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру кезінде полиция қызметкерлері 40 жастағы күдіктіні ұстаған.

«Жеке тасымалдаумен айналысатын ер адам кінәсін мойындады. Заттай айғақ тәркіленіп, оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар