Елордада тағы төрт адам торттан уланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов тағы да төрт адамның «Happy Cake» тортымен улану жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарланып отырғандай, «Happy Cake» өнімдерінен уланып, қаланың инфекциялық ауруханасына түсу жағдайлары жалғасуда.

«Қосымша тағы «Happy Cake» өндірген «Құс сүті» тортын тұтынуға байланысты ішек инфекциясының төрт жағдайы тіркелді», - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Алдын ала анықталғанындай, 14 сәуір күні елордадағы отбасылардың бірі туған күнін тойлаған. Отбасының отанасы Күйші Дина көшесі 13-ші мекенжайда орналасқан «Happy Cake» өндірушісінен «Құс сүті» тортына тапсырыс берген. Зардап шеккендердің төртеуі де «Құс сүті» тортын жеген.

«Зардап шеккендердің үшеуі 17 сәуір күні температурасы көтеріліп, іші ауырып, құсып, диареямен ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің бірі амбулаториялық ем алып жатыр», - дейді ол.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны онға жеткен. Олардың тоғызы ересек, біреуі бала. 8 науқас емді стационарлық тәртіпте, ал екеуі амбулаториялық тәртіп бойынша алып жатыр.

Сапасыз өнімді тұтынғаннан бастап тамақтан улану жағдайының алғашқы белгілері бірнеше сағаттан бастап 7 күннің ішінде де байқалуы мүмкін.

«Осыған байланысты ауырып қалғандар апта бойы инфекциялық ауруханаға түсіп жатты. Олардың көбі үйде өздігінен емделмек болған. ақыры, жағдайлары жақсармағаннан кейін жедел жәрдем шақырған. Аптаның соңына дейін тағы да мұндай жағдайлар әбден қайталануы мүмкін», - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Еске сала кетсек, үш күн бұрын елордада бір отбасы «Happy Cake» тортынан уланып қалған болатын.

Арада көп уақыт өтпей қалалық қоғамдық денсаулық сақтау депаратментінің басшысы Сәдуақас Байғабыл «Happy Cake» тортынан улану жағдайы тағы да тіркелгенін хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар