Елордада тағы бір кәсіпорын маска шығара бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында айына 5 млн маска шығаратын кәсіпорын жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия басталғаннан бері қалалық бірқатар кәсіпорын медициналық маскалар тігуге кірісті. Өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетіп келеміз. Бүгін маска тігуге кіріскен тағы бір кәсіпорынның жұмысымен таныстым. Кәсіпорын айына 2 млн маска шығаратын болады. Толық өндірістік қуаты – айына 5 млн маска», - деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да.


Сондай-ақ А.Көлгінов Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан құбыр шығаратын зауыттың құрылыс барысымен де танысып қайтты.

«Ішкі нарықта осы материалдарға үлкен сұраныс бар. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жаңа нысандар салу, жерасты инженерлік желілерін ауыстыру және тағы басқа жағдайларда қажет. Сондай-ақ Бұған дейін инвестициялық кеңесте дәрі-дәрмектерді тарату орталығының (қоймасының), көтерме-тарату орталықтарының құрылысы да қолдау тапқан болатын. Пандемия мұндай жобалардың қажет екенін көрсетті. Әр инвестормен жұмыс істейміз. Инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жобалардың ішінде инфрақұрылымдық, өндірістік, әлеуметтік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар