Елордада тағы бір «Bus lane» жолағы пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық көлік үшін тағы бір жолақ енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордадағы көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында Астана қаласының көлік қызметтері сапасы мен қоғамдық көлік жолаушыларының жағдайын жақсарту үшін ертең, 2018 жылдың 29 шілдесінде Қосшығұлұлы көшесінде Кенжебек Күмісбеков көшесінен Шабал Бейсеков көшесіне дейінгі учаскеде, қашықтығы 1,6 шақырым болатын жолға «Bus lane» жолағын енгізу жоспарлануда», - делінген Astana LRT-ның Фейсбукте жариялаған хабарламасында.

Компанияда атап өткендей, «Bus lane»  жолағы қоғамдық көліктің кептелісте тұруы, қозғалыс кестесінің бұзылуы мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

«Бұл шара Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Белгіленген жолақты енгізгеннен кейін қоғамдық көліктің орташа жылдамдығы 12-15%-ға артты», - деп түйіндеді Astana LRT.

Соңғы жаңалықтар