Елордада тағы бір автобустың бағдары өзгерді
2022 жылғы 18 тамыз 09:40

Елордада тағы бір автобустың бағдары өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық тұрғындардың сұрауымен және көліктік қызметті жақсарту мақсатында 19 тамыздан бастап №60 қоғамдық көлік Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір арқылы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«City Transportation Systems» ЖШС осылайша сол және оң жағалау арасындағы көлік байланысын жақсартады.

«Бағдар қозғалысы келесідей: «Талисман» ТК аялдамасына дейін өзгеріссіз, Ұлы дала даңғылымен тура, ары қарай Есіл өзені арқылы өтетін көпір, Ж.Нәжімеденов көшесінен оңға, ары қарай «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін», - деп жазды қызмет көрсету мекемесінен.

Бағдардың сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерген болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT