Елордада тағы 7 адам коронавирусқа шалдықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 25 адам, жалпы 44 науқас тіркелді» делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Стационарлық карантинде барлығы 593, үй карантинінде 2066 адам жатыр.


Соңғы жаңалықтар