Елордада сыйлықтар жәрмеңкесі жұмысын бастайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада 17 қарашадан бастап Арбатта ерекше сыйлықтар сатылатын мерекелік маркет жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

Елордалық Арбат тұрғындар үшін көрнекті демалыс орны ғана емес, мереке қарсаңында мұнда түрлі сыйлықтар жәрмеңкесі ашылады.

«Біз 17 қарашадан бастап жұмыс істейміз. Мерекелік жәрмеңке сағат 12:00-де ашылады. Ауа райына байланысты кесте әзірге белгілі бірқалыпқа келтірілмеген. Желтоқсан айының басында біз өз шеберлерімізбен тұрақты жұмыс кестесін бекітеміз. Мұнда әрқайсыңыздың өз талғамыңызға сай сыйлықтар табуға мүмкіндіктеріңіз бар», - дейді жобаның авторы Арай Ордабаев.

 

Соңғы жаңалықтар