Елордада сыртқы жарнама орнату талаптары жеңілдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың сәулет, қала құрысы және жер қатынастары басқармасы сыртқы жарнаманы келісу ережесіне қатысты жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 11 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының жарнама мәселелері жөніндегі заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілген. Ендігі уақытта процедура жеңілдеді. Маңдайша жазулар келісілмейді, ал жарнамаға рұқсат беру жүйесі хабарландыру тәртібіне ауыстырылды (мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Нұр-Сұлтан қаласы Әуезов көшесі, 6, үшінші терезе +7 (7172) 55-72-25)» делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Хабарландыру сыртқы (визуалды) жарнама нысандарына арналған сыртқы жарнама орнатылатын күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын жіберіледі.

Хабарландыруда мынадай мәліметтер болады: сыртқы жарнама орналастыратын орны мен мерзімі туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер формасы; Салық кодексіне сәйкес, сыртқы жарнаманы орналастыруға алғашқы айға төлем жасалғанын дәлелдейтін құжат; жарнама нобайы, қазақ және орыс тіліндегі сипаттамасы.

Сыртқы жарнама орналастыру төлемінің ставкасы Салық кодексінің 605-бабымен белгіленген.

Бұған дейін кәсіпкерлер өз мекемесінің алдына маңдайша жазуын ілу үшін елорданың сәулет, қала құрысы және жер қатынастары басқармасымен келісіп, арнайы рұқсат алуы тиіс болатын.

Соңғы жаңалықтар