Елордада сырғанақтар қайда салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың барлық 4 ауданында жұртшылыққа арналған аққала мен мұз айдындары салынатын болады, деп хабарлайды ҚавзАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданында мұз қалашығы мен балақайларға арналған сырғанақ «Жастар сарайы» маңында, «Ататүрік» саябағында, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ Жолымбет пен А. Чехоев көшелерінің қиылысына орналасады. Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, «Хан Шатыр», «Керуен» сауда ойын сауық орталықтары аумағына, «Жетісу» саябағында, «Жағалау» шағын ауданында, Жасыл орамда, сондай-ақ, Үркер мен Пригородный тұрғын алабында салынбақ.

Ал сырғанақ Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, «Астана» спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы 17 үйдің жанында, «Тамыз» тұрғын үй кешенінің жанына, «Наз» театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10-үй және 187-ші көшеге салынады.

Алматы ауданында жұртшылыққа арналған сырғанақ пен мұз айдыны «Қазақ елі» монументінің алаңына, «Жерұйық» саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, «Жастар» саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, «Ренессанс» мейрамханасының жанына, Триатлон-паркінде, Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданында, сонымен қатар Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино тұрғын үй алаптарында орнатылады.

фото: astana.gov.kz
Соңғы жаңалықтар