Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша кеңейтілген кеңес өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеңейтілген кеңес жемқорлықты болдырмауға және жоюға бағытталған.

Елбасы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарының бірі бюджет саясатының ашықтығын арттыру екендігін айтты.


Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасын жария етті және жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық пайызы төмендегенін атап өтті.


Мысалы,балаларды балабақшаларға кезекке қоюды цифрландыру орын беру жүйесін барынша ашық етуге мүмкіндік берді. Қала прокуратурасы аппаратының басшылығы ішкі бақылауды күшейту және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті.



Соңғы жаңалықтар