Елордада сұранысқа ие мамандықтар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс, сауда және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға сұраныс бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

«Электрондық еңбек биржасы» порталында 700-ден астам жұмыс берушінің 6 096 бос жұмыс орны орналастырылғын.

Құрылыс саласында жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтар – инженер сметашы, орта буын басшысы (прораб), шебер, қара жұмыс істеуші, тас қалаушы, арматурашы, бетоншы, учаске электригі, өндіріс-техника бөлімінің инженері.

Сауда саласы бойынша мына кадрлардың тапшылығы байқалады: сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер, сауда өкілі, жанармай құюшы.

Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике, санитар мамандықтары сұранысқа ие.

Жұмыспен қамту орталығының дереқорында жастарға арналған – 1 894 бос жұмыс орны бар. Оның ішінде 660-сында жұмыс беруші жатын орын ұсынады. Бұл жерде әсіресе құрылыс саласындағы бос жұмыс орындарына басым. Жұмыс кестесін еңбеккер өзі таңдайтын 38 бос жұмыс орны бар.

Сондай-ақ, елордалық Жұмыспен қамту орталығы Жұмыспен қамтудың жол картасы және «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары аясында бос жұмыс орындарын ұсынады. Бос жұмыс орындарының тізімі орталықтың сайтында жарияланған.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бос жұмыс орындары мына сілтемеде .

Жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша ең қажетті бос жұмыс орындары: жұмысшы, жол жұмысшысы, жүк көлігінің жүргізушісі, монтажшы, көгалдандыру бойынша жұмысшы.

Жастар тәжірибесі бойынша бос жұмыс орындары мына сілтемеде .


Соңғы жаңалықтар