Елордада сумен жабдықтау тарифі қымбаттамайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы департаменті қаланы сумен жабдықтау бойынша тарифтердің көтерілетіні жайлы мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқатар БАҚ-та сумен жабдықтау тарифтері 300%-ға өсетіні туралы ақпарат тарады. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 25 маусымында «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ға өтінім берген. Нақтырақ айтқанда 2021-2025 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаның шекті деңгейлерін бекітуге өтінім жолданған», - деп хабарлайды департменттен.

6 қазанда департамент «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК өтінімі бойынша ашық жиналыс нысанындағы тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізген. Оған мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысқан. Жиын барысында «Астана Су Арнасы» кәсіпорнының өкілдері сумен жабдықтау бойынша тарифті 44%-ға, су бұру бойынша тарифті 137%-ға көтеру туралы кәсіпорынның тарифтік жобасын таныстырған.

«Бұл ретте ұсынылған өтінім - тариф жобасы екенін атап өту қажет. Департамент кәсіпорын мәлімдеген шығындардың барлық баптарының негізділігіне және табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізеді. Осыған байланысты тарифтің көтерілетіні туралы нақты мәлімет шынайы ақпаратқа жанаспайды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар