Елордада суға кеткен ерлі-зайыптылар құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 шілде күні елордалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері суға батып бара жатқан ерлі-зайыптыларды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзенге ағып бара жатқан ер адам мен бойжеткенді көрген құтқарушылар ойланбастан суға қойып кеткен. Ағып бара жатқан келіншекті қуып жетіп, жағаға шығарған соң олар ер адамды құтқару үшін қайтадан суға секірді. Жігітті құтқаруға оқиға орнына жақын маңда балық аулап отырған балықшы көмекке келді. Ол да құтқарушылармен бірге суға сүңгіді.

"Кейін белгілі болғандай, әйелді құйылма бөгетте ағыс ағызып әкеткен. Оны көрген жігіт келіншегін құтқару үшін суға секірген. Оны да дәл осы жерде қатты ағыс иірімге қарай тартып әкеткен. Құтқарушының, курсант пен балықшының кәсіби және жедел іс-әрекетінің арқасында ер адам құтқарылды" делінген хабарламада.



Ерлі-зайыптыларды аман алып қалған қалалық ТЖД Есіл ауданы бойынша аға инженері Диас Зәку, Көкшетау техникалық институтының 3-курс курсанты Серік Аманжолов пен қала тұрғыны Жәми Руслан бейбіт күннің қаһармандары атанды.

null

Соңғы жаңалықтар