Елордада суға кеткен екі адам құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше елордадағы Газ аппаратурасы ауданында орналасқан құйылма бөгетте ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Кезекшілік кезінде оқиға куәгері бір адамның суға батып бара жатқанын хабарлаған. Құтқарушылар тез арада көмекке ұмтылды.

«Құтқарушы Данай Жалғас өзенге шеңберді лақтырып, Мәулен Омаров суға аққан адамның ізінен секірді. Бірақ күшті ағын иірімге тартып әкете бергендіктен жағаға шығу мүмкін болмады. Осы кезде Азамат Жұмабаев пен Серікбай Қуанған өзенге қайықты түсіріп, соның арқасында суға батқан адам құтқарылды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай келеңсіз жағдайлар бұл ғана емес. 15 шілдеде ер адам өзіне қол жұмсау үшін «Тұлпар» көпірінен Есілге секірген болатын. Құтқарушылар оны да жедел түрде жағаға алып шықты.



Соңғы жаңалықтар