Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат I komek қызметіне сілтеме жасап.

«Қала халқының өсуіне және елорданың қарқынды дамуына байланысты ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттардың тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК су қысымын реттеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр.

04:30-дан 09:30-ға дейін су қысымы жоғары режимде болады,

09:30-дан 12:00-ге дейін төмен қысымда

12:00-ден 14:00-ге дейін жоғары қысымда

14:00-ден 18:00-ге дейін төмен қысымда

18:00-ден 00:00-ге дейін жоғары қысымда

00:00-ден 04:30-ға дейін төмен қысымда» делінген хабарламада.

Бұл шаралар жаңа сорғы-сүзу стансасы іске қосылғанға дейін қабылданады. Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды. Оның қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метрді құрайды.

Жаңа ССС құрылысының аяқталуы - ағымдағы жылдың жазы.


Соңғы жаңалықтар