+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елордада су тасқынына қарсы штаб құрылды

2020 жылғы 12 ақпан 12:51
Бөлісіңіз:
Елордада су тасқынына қарсы штаб құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала ішінен 2,5 млн текше метр қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Юрий Ильин Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар аймақтарын әуеден бақылады Алматы облысында жауын-шашын салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріледі СҚО-да су басу қаупі бар 41 елді мекен бақылауға алынды

«Біріншіден, шын мәнінде қалада қар мөлшері өте көп. Коммуналдық қызметке алғыс айтқым келеді. Олар күні-түні сіздер үшін жұмыс істейді. Биыл әдеттегіден 3,5 есе көп қар түсті. 2,5 млн текше метр қарды шығардық. Қазіргі уақытта жолдар таза, енді үйлердің аулалары мен жеке секторларды қардан тазалаймыз», - дейді Алтай Көлгінов.

Ол қазіргі уақытта тасқынға қарсы штаб құрылғанын айтты.

«Біз барлық қызмет түрін күшейтіп, қосымша техникаларды алдық. Құтқару қызметі мыңдаған адамды құтқарды. Тіпті әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлері құтқару жұмыстарына қосылды. Ендігі міндет – тасқын болуына жол бермеу. Тасқын болу қаупі бар. Осы қауіпті азайту мақсатында ертең әуежай жақтағы дамбыға барамыз. Жеке секторлардағы қарды наурыз айына дейін шығаруымыз керек», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әкім, Су тасқыны,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT