Елордада су басқан үйдің балалары терезеден секірмек болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада су басқан үйдің балалары терезеден секірмек болды. Оларды төтенше жағдай мамандары құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12 қазан күні сағат 13:28-де Уәлиханов көшесінде орналасқан үйде ата-ана қарауынсыз қалған 2011 және 2015 жылы туған балалар жуынатын бөлмеде су құбырының шүмегін жұлып алған. Салдарынан пәтерді су басқан. Қорыққан балалар үйдің терезесінен секірмек болған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл құтқару жасағы жетіп, балаларды аман алып қалды. Және балалар полиция қызметкерлеріне тапсырылды» - деп мәлім етті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Шұғыл құтқару жұмысына жеке құрамның 4 маманы мен 1 техника жұмылдырылды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар